Сот орындаушыларының Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысына қатысуы

03 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сот орындаушыларының Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысына қатысуы - 213409005

     Құқық қорғау қызметтері орталығында Әділет министрлігі мен Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының өкілдерімен кездесу  өтті.

  Жиналысқа Құқық қорғау қызметі орталығының меңгерушісі Сүлеймен С.Б., ҚСжАЕК төрағасының орынбасары Әбішев Б.Ш., Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры Ибраев Е.Е., сондай-ақ Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Г.М Әбдрахмановпен, Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Арингазинов Н.С. қатысты.
 

  Сот орындаушыларының Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысына қатысу мүмкіндігі талқыланды.Бірге жұмыс істеу туралы меморандумға қол қоюға келістік. Енді Орталықта сот актілерін орындау департаментінің және Республикалық сот орындаушылар палатасының өкілдері жұмыс істейді. Бұл атқарушылық іс жүргізу жөніндегі шағымдарды жедел түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу