Мемлекеттік органдардың қызметіне заманауи басқару технологияларын енгізу

03 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мемлекеттік органдардың қызметіне заманауи басқару технологияларын енгізу - 1851543015

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ресейдің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған тренинг өтіп жатыр. Семинар тақырыбы: «Мемлекеттік органдардың қызметіне заманауи басқару технологияларын енгізу».

Кеше Ресейден келген қонақтар Құқық қорғау қызметтері орталығына келді. Олар Орталықтың жұмысымен, шағымдарды кешенді түрде шешу тәжірибесімен танысты.

Орталықтың өңірлердегі жұмысын ұйымдастыру, прокурорлардың адвокаттар, медиаторлар және басқа да мамандармен өзара жұмыс істеу туралы көптеген сұрақтар қойылды. Ресейлік әріптестер арасында прокурорлардың ақпараттық жүйелерді қолдану, «Электронды үкімет» порталымен жұмыс істеу тәртібі үлкен қызығушылық тудырды. 
Содан кейін конференция залында Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Арман Евниев, ҚСжАЕК төрағасының кеңесшісі Әсел Молдабекова, сондай-ақ Бас прокуратураның жобалық кеңсесінің қызметкерлері Қазақстанда жобалық басқаруды жүзеге асыру туралы баяндама жасап, іске асырылған жобалар мен болашақ жоспарларды таныстырды.

Мемлекеттік органдардың қызметіне заманауи басқару технологияларын енгізу - 148618808

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу