Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті

24 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті - 983645705

23 қазан, Астана қ. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Түркия Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті.

Түрік әріптестерін қарсы ала отырып, Ж.Асанов құқықтық саладағы екі жақты қатынастың достық және сындарлы сипатта екендігін атап өтті.

Сұхбат барысында Қазақстанның Бас Прокуроры түрік тарапына Қазақстан прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, сонымен бірге шарттық-құқықтық базаны күшейту және кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығы және жоба кеңсесінің жұмысымен танысып,  жоғары баға берді.

Кездесу соңында Ж.Асанов түрік тарапына Қазақстанға сапары үшін алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына ниет білдірді.

 

Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті - 978017979
Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті - 195576445

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу