Әділет кеңесшісі Тұрмағамбетов Ержан Сисенбайұлы Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

11 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Әділет кеңесшісі Тұрмағамбетов Ержан Сисенбайұлы Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды. - 1185664240

Бас прокурор Асанов Жақып Қажыманұлының 6 қазандағы бұйрығы бойынша, әділет кеңесшісі Тұрмағамбетов Ержан Сисенбайұлы Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Осыған дейін Тұрмағамбетов Е.С. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында Бас прокурордың көмекшісі болып жұмыс атқарды.

Тұрмағамбетов Е.С. 1974 жылы Атырау облысында дүниеге келген. «Юриспруденция» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Көп жылдары ол Атырау облысы, Астана қаласы прокуратураларында, сондай-ақ Бас прокуратурада басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу