Азаматтарды қабылдау прокурорлар үшін артықшылық

23 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бір жылдың ішінде Қостанай облысы прокуратурасының құқық қорғау қызметтерінің Орталығы жұмыс жасауда. Осы уақыт бойынша 4 мыңнан астам азаматтар қабылданды, оның ішінде 3 мыңдай азаматты прокурорлар қабылдаса, қалғандарын адвокаттар мен медиаторлар, сот орындаушыларының және әділет органдарының қызметкерлері мен еңбек инспекциясының және пробация қызметінің қызметкерлерінің көмектеріне жүгінді.

Облыстың тұрғындары қабылдаудың нәтижелері мен уақытылы көрсетілетін құқықтық көмекті оң бағалады.

Мысалы, а.ж. 12 қарашада Бас прокуратура мен Қостанай облысы прокуратурасының басшылығына ашық алғыс хатпен Латифа Жумаш жүгініп, баласының құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шараларға байланысты Орталықтың прокурорларына өзінің шексіз құрметін білдірді.

Құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға кеңес беру мен азаматтарды қабылдаудан басқа, осында азаматтардың облыс орталығынан шалғайдағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандармен онлайн (бейнеконференциялық байланыс арқылы) кездесулерге арналған жағдайлар ұйымдастырылған, бұл да көптеген оң пікірлер тудырды. 

Азаматтарды қабылдау кезіндегі прокурорлардың жедел және сапалы құқықтық көмектері өткен жылмен салыстырғанда прокуратура органдарына келіп түскен жазбаша өтініштердің санын 20%-ға азаюына септігін тигізгенін атап өткен жөн.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу